Қостанайлық полицейлер із-түзсіз жоғалған зейнеткерді тапты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған ер адамды тауып, үйіне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлық полицейлер із-түзсіз жоғалған зейнеткерді тапты

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 64 жастағы ер адам үйінен қаланың солтүстік ауданына қарай шығып кеткен. Үйіне оралмаған соң, туған-туыстары бірден полицияға хабар берді.

«Қостанай облысы полиция департаменті гарнизонының жеке құрамы тез арада егде адамды іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Қарауылдау кезінде полицейлер Мұрат Имамбаев пен Самрат Төленді Қостанай-2 дүкенінің жанында жүрген ер адамды байқады. Тәртіп сақшылары ер адамға жақындап, жоғалған зейнеткер екенін анықтады. Ол өзінің КСК шағын ауданында тұратынын ғана айтқан. Ол Солтүстік полиция бөліміне жеткізілді»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Кейін анықталғандай, ол шынымен де іздестіріліп жатқан зейнеткер болып шықты. Полицейлер оны үйіне алып келді.