01:51, 01 Сәуір 2015 | GMT +5
Қостанайлық тұрғын аулада тұрған көлігіне жақындаған адамды атып тастаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайлық азамат аулада тұрған көлігіне жақындаған адамды атып тастаған, деп жазады «Наша газета».

Оқиға наурыз айының 19-ынан 20-сына қараған түні орын алған. Ал-Фараби даңғылындағы № 138 үйдің тұрғыны түнгі үш кезінде аулада тұрған көлігіне біреудің жақын келгенін байқаған. Дереу бұл жерден кет деп айхайлағанымен, оның бұл талапты орындайтын түрі байқалмаған. Содан тұрғын пневматикалық қаруын алып, терезеден көздеп тұрып атып салған.
Оқиға орнына келген «Жедел жәрдем» қызметкері бейсауат жүрген 31 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтаған.
Оқиға бойынша ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.