Қостанайлық зейнеткер өз үйінде өртеніп кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Федоров ауданындағы жеке үйлердің бірінен өрт шығып, зейнеткер қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайлық зейнеткер өз үйінде өртеніп кетті

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.

«Федоров аудандық төтенже жағдайлар бөліміне Пешков ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы мәлімет түсті. Үй ішіндегі жиһаз өртенген. Өрт ауқымы 80 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 1953 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Басқа мәліметтер анықталып жатыр», - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала болжам бойынша, өрт электр құрылғысының қысқа тұйықталуынан шыққан.