Қостанайлық жеткіншектер жедел жәрдем қызметіне негізсіз бірнеше қоңырау шалған
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында балалар мен жеткіншектер жедел жәрдем қызметіне негізсіз бірнеше қоңырау шалып, call-орталықтың жұмысына кедергі жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде айтылғандай, жедел жәрдем қызметінің call-орталығына бірнеше жеткіншек негізсіз қоңырау шалған.
Сонымен қатар, ойын балалары операторларға балағат сөздер айтқан.
«Біздің қызметтің желісіне кеше сағат 14:00 бастап, бір бала қоңырау шала берді. Салдарынан call-орталықтың жұмысы тоқтап қалды. Бәлкім, сол аралықта расымен де көмекке шақырғандар болуы мүмкін. Ата-аналар балаларды қараусыз қалдырмаулары тиіс. Мұның арты үлкен жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз. Мұндай жағдайлар көбейіп барады», - дейді облыстық жедел жәрдем қызметінің жетекшісі Ирина Штейгервальд.

Дәрігерлер бұл дерек бойынша облыстық полиция департаментіне хабар берген.