Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті

апат
Фото: Midjourney

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті, 23 кенші әлі де жер астында деп хабарлайды оқиға орнынан Kazinform тілшісі Айзада Агильбаева.

Айта кетейік, бүгін түнде Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адам көз жұмғанын, әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілгенін жазған едік.

Артынша тағы бес кеншінің денесі табылып, құрбан болғандар саны 16-ға жетті.

Кейін қаза тапқан кеншілер саны 20-ға жеткені хабарланды. 

Соңғы жаңалықтар