Костенко атындағы шахтадағы өрттің видеосы – фейк - Қарағанды облысының әкімдігі

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қарағандыда Костенко атындағы шахтада түсірілді деген өрттің видеосы тарап жатыр. Бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды Kazinform stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

фейк
Фото: Фото: stopfake.kz

«Әлеуметтік желілерде Костенко атындағы шахтада болған оқиғаның видеосы тарады. Бұл видео шындыққа сәйкес келмейді, деп ресми түрде мәлімдейміз. Ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратпауларыңыды сұраймыз», – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Бұл видео Қазақстанда түсірілмеген. Ол бірнеше жазбадан тұрады. Олардың бірі Желіде 2022 жылдың маусымында тараған. Видеода Севильяда (Испания) Дос- Эрманастағы алюминий зауытында болған өрт көрсетілген.

Ал ақ-қара кадрлар – бұл 2014 жылдың мамырында Түркияның Сома қаласындағы шахтада арты өртке ұласқан жарылыс кезінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлар.

Тағы бір видеода Қытайдың Шаньси провинциясында Лулян көмір шахтасында болған апат көрсетілген.

«Таралған видеоның Қазақстанға қатысы жоқ»,-делінген хабарламада.