Костя Цзюдың ұлы кәсіби рингтегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір кездері бокстан абсолютті әлем чемпионы атанған Костя Цзюдың ұлы Тимофей Цзю кәсіби рингтегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп жазды Лента.ру.

Костя Цзюдың ұлы кәсіби рингтегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

21 жастағы ресейлік боксшының австралиялық Зорран Кэсседидің жекпе-жегі жоспарланған алты раундқа созылды және төрешілердің шешімімен Цзюдың жеңісімен аяқталды. Үш арбитр жеңісті ресейлікке берді - 60:54.

Кэссиди кәсіби рингте бес кездесу өткізген. Оның біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген және бір ойында қарсыласымен тең түскен.
Үлкен Цзю 2005 жылы 35 жасында өз мансабына нүкте қойды. Ол кәсіби рингте 34 кездесу өткізіп, 31 жеңіске (26 нокаут) жеткен, екі рет жеңіліс тапқан және тағы бір кездесу талапқа сай емес деп танылды.