Қосымша пойыздар шығарылды - «Жолаушылар тасымалы» АҚ

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алдағы қысқы мерекелерге байланысты, сондай-ақ, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша пойыздар шығарылғаны туралы ақпараттандырады:

Қосымша пойыздар шығарылды - «Жолаушылар тасымалы» АҚ

- Алматы-2-ден Жезқазғанға қатынайтын Алматы-2-ден 21 желтоқсанда, Жезқазғаннан 23 желтоқсанда жөнелтілетін № 373/374 пойызы;

- Қарағандыдан Жезқазғанға қатынайтын, Қарағандыдан 29 желтоқсанда, Жезқазғаннан 30 желтоқсанда жөнелтілетін № 634/633 пойызы;

- Семейден Астанаға қатынайтын 23 вагоннан құралған №63 «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының қатынау кестесі өзгерді, яғни Семейден 2014 жылғы 1 қаңтарда (2013 жылғы 31 желтоқсанның орнына) жөнелтіліп, Астанаға 2014 жылғы 2 қаңтарда келеді.

Аталған бағыттар кестесін әзірлеу кезінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылды, деп атап айтады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.