Кот-д'Ивуарда қонақ үйге жасалған шабуыл құрбандарының саны 15-ке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кот-д'Ивуардағы Гран-Басам курортында туристерге жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 15-ке жетті, деп хабарлайды британдық Daily Star басылымына сілтемемен РИА Новости.

Кот-д'Ивуарда қонақ үйге жасалған шабуыл құрбандарының саны 15-ке жетті

Бұған дейін 12 адам құрбан болғаны туралы хабарланған.

Басылым Гран-Басам жағажайында жатқан мәйіттердің суреттерін де жариялады.

Оқиға жексенбі күні күндіз Кот-д'Ивуардың оңтүстігіндегі Гран-Басам курортты қалашығында болды. Алдын ала болжам бойынша, 4 содыр Etoile du Sud қонақүйінде тұтқындарды ұстап отыр. Тағы бір қонақ үйге шабуыл жасалды деген хабар бар. Сондай-ақ, 4 еуропалық қаза тапқаны мәлім.