Кот-д' Ивуарда құлдықтан 48 бала босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кот-д'Ивуарда арнайы операция барысында құлдықтан 48 бала босатылды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. Сонымен қатар, адам саудасымен айналысқан 22 күдікті ұсталды.
«Интерпол» мен Халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен жүргізілген арнайы операцияға 200-ге тарта полицей жұмылдырылды. Азат етілген балалар Буркина-Фасо, Гвинея, Мали, сондай-ақ Кот-д'Ивуардың солтүстік бөлігінің тумалары екені хабарланды. 5-16 жастағы балаларды құлдықта ұстап келген. Олар плантацияда еңбекақысыз бірнеше сағат ауыр жағдайда жұмыс істеп келген. Балалар мектепке де бармаған.