Кот-д'Ивуарда стадионда болған қыспақтың салдарынан 22 адам қаза тапты
ЯМУСУКРО. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Кот-д'Ивуардің Абиджан қаласында футбол стадионында болған қыспақтан 22 жанкүйер қаза тапты.
Кот-д'Ивуар мен Малави құрамаларының арасында әлем чемпионатының іріктеу матчы басталардың алдында орын алған айғай-сүреңнің салдарынан 130-дан астам адам зардап шегіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Кот-д'Ивуардің Ішкі істер министрі Дезир Тагро мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында, қайғылы оқиғаның жанкүйерлердің тезірек орын алу үшін стадионға лап қоюларының кесірінен болғанын айтып отыр. Қайғылы оқиғаға қарамастан, ойын тоқтатылған жоқ. Матч алаң иелерінің жеңісімен ? 5:0 есебімен аяқталды.