Көтергіш машинаның тоқтап қалуы салдарынан 32 кенші шахтада қалып қойды

АСТАНА.  Тамыздың  5-і.  ҚазАқпарат -  Сейсенбі күні  Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында  кернеудің  төмендеп кетуі салдарынан  «Қазмырыштың»  Риддер-Сокольный  руднигіндегі Быструшинский   шахтасының  бағанында көтергіш машина   апатты жағдайда тоқтап қалды, 

Көтергіш  машинаның    тоқтап  қалуы  салдарынан 32 кенші  шахтада  қалып  қойды

деп   хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің  баспасөз қызметінен.

Төтенше оқиға     тамыздың 4-і күні сағат 13.50-де орын алды.    Көтергіш машина    тоқтап  қалған  кезде, клетте 32 кенші  болған.   Сағат 16.20-да  Риддер   әскерилендірілген  кен-құтқару  жасағының  екі бөлімшесінің күшімен барлық   кенші   қауіпсіз   жерге    шығарылды.   Зардап шеккендер  мен  құрбан болғандар жоқ.