Көтерілісшілер басып алған резиденцияда Каддафи болмай шықты

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Ливия көсемі Муаммар Каддафидің резиденциясына басып кірген көтерілісшілер Баб-әл-Азизия орамынан оның ізін де таба алмады.

Көтерілісшілер басып алған резиденцияда Каддафи болмай шықты

Каддафи мен оның ұлдары бұл жерден табандарын жалтыратып үлгеріпті, деп хабарлайды полковник Ахмед Омар Баниге сілтеме жасап АFP агенттігі.

«Баб-әл-Азизия тұтасымен біздің бақылауымызға көшті. Полковник Каддафи мен оның ұлдары мұнда болмай шықты. Олардың қайда екенін ешкім де білмейді», - деп мәлімдеді Бани.

24 тамыз, сәрсенбіге қараған түнде Муаммар Каддафи Триполи радиостансасы эфирінен Ливия халқына арнап сөз сөйлеп, «астананы тастап шығу, тактикалық жүріс екендігін» айтады. Каддафи көтерілісшілер мен НАТО-ның әскеріне қарсы күресін басқа жолмен жалғастыратынына уәде беріпті.