Көтерілісшілер Триполи қаласын басып алғаннан кейін ЕО Ливияда демократиялық қайта жаңартуды жалғастыруды қолдайтынын мәлім етті

ЮССЕЛЬ. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Үкімет әскеріне қарсы тұруда үлкен өзгеріс болғаннан соң және көтерілісшілер Триполи қаласын басып алғаннан кейін Еуроодақ басшылығы Ливиядағы демократиялық қайта жаңаруды жалғастыруды қолдайтынын мәлім етті.

Көтерілісшілер Триполи қаласын басып алғаннан кейін ЕО Ливияда демократиялық қайта жаңартуды жалғастыруды қолдайтынын мәлім етті

Еурооодақ кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей мен Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэля Баррозоның таратқан мәлімдемесінде Ливияда болған соңғы оқиғалар Ливия халқы үшін еркіндік пен өзін-өзі билеуді қолға алу үшін мүмкіндік тудырып отырғаны аталып өтілген. «Ливия халқының бостандыққа деген талпынысы тарихи сәтіне жақындауда. НАТО бірқатар ЕО елдері мен аймақ елдері тарапынан қолдауға ие болып отырған Ливия оппозицясының үздіксіз күш-жігері Каддафи режімін тоқтатуға жақын. Біз Кадддафи жақтастарын халық қалауын мойындап, қан төгістің алдын алу үшін отставкаға кетуге шақырамыз», - делінген хабарлама мәтінінде.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ливия оппозициясы Триполи қаласын басып алғандын мәлім еткен.