Коттеджде жаңажылдық корпоратив өткізгендер анықталды – Семей

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде коттеджде жаңажылдық корпоратив өткізгендер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Коттеджде жаңажылдық корпоратив өткізгендер анықталды – Семей

«Семейде кезекті рейд барысында карантин талаптарының бұзулы фактісі тіркелді. Бүгін түс кезінде бекітілген шектеулерге қарамастан қаладағы коттедждердің бірінде ұжымдық шара ұйымдастырылған. Құқық қорғау органдары ереже бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 425 бабы бойынша материалдарды жинақтап, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберді», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, отбасылық, салтанатты, еске алу шаралары, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.