Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы WBC-тан әлем чемпионының арнайы белдеуіне ие болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман пуэрторикалық Мигель Котто мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегінің жеңімпазына әлем чемпионының арнайы жаңа белдеуін беру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлады "Спорт-Экспресс".

Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы  WBC-тан әлем чемпионының арнайы белдеуіне ие болуы мүмкін

"Бұл айқас WBC қолдауымен өтеді, - деген Сулейманның сөздерін келтірді Boxingscene. - Промоутерлердің сұраныстарын күту керек. Жеңімпаздың арнайы белдеуін жасау жақсы ой деп ойлаймын, өйткені бұл айтулы жекпе-жек болмақ".

Еске сала кетейік, кездесу қараша айында Лас-Вегаста өтеді. Таразыға WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы қойылады. Әзірге бұл мәртебеге Котто ие. Жекпе-жек 155 фунтқа (70,3 келі) дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді.