Котто - «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазы WBC чемпионы титулы үшін Головкинмен жұдырықтасуға міндетті - М.Сулейман

АСТАНА. ҚазАқпарат - Котто - «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазы орта салмақтағы WBC чемпионы титулы үшін Головкинмен жұдырықтасуға міндетті, - деді WBC президенті Маурисио Сулейман Қытайдағы WBC конвенциясында.

Котто - «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазы WBC чемпионы титулы үшін Головкинмен жұдырықтасуға міндетті - М.Сулейман

Бұл туралы Вконтактедегі GGG парақшасында жазылды.

«Мигель Котто - орта салмақтағы WBC Champion. Геннадий Головкин - WBC Interim Champion. Геннадий Головкин Марко Антонио Рубионы жеңгендіктен орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына міндетті үміткер атанды.

21 қарашада Мигель Котто Сауль «Канело» Альвареспен кездесуде өз титулын қорғайтын болады және бұл жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесіп, титулын сарапқа салуға міндетті».