Қой сиырды «нокаутқа түсірді» - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube желісінде екі жануардың күш сынасқан видеосы пайда болды. Ірі қараның қойға қарағанда анағұрлым ауыр, үлкен болғанына қарамастан, «күш сынасу» барысында қошқар сиырды сұлатып түсірді.

Қой сиырды «нокаутқа түсірді» - ВИДЕО

Ауыр соққы алған екі жануар да жерге күмп етіп құлай кетеді, алайда аздаған уақыттардан соң қой аяғынан тұруға күш табады. Ал сиыр болса «нокаутқа» түсіп кетті. Өкінішке орай, бұл көріністің қайда, қашан түсірілгені және жануарлардың жағдайы белгісіз.