Қоян-қолтық күресте шекарашылар үздік шықты

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің құрама командасы полиция майоры Руслан Мұқановты еске алу күніне байланысты қолтық күрестен өткен жарысқа қатысып қайтты.
None
None

Аталған жарысқа барлығы 60 адамнан құралған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ҰҚК Академиясының, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ Академиясының, ҚР Кеден комитетінің, сондай-ақ Қостанай облысы мен Арқалық қаласының командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің командасы жалпыкомандалық ІІ орынды жеңіп алды, І орынды ҚР ІІМ, ІІІ орынды ҚР ҰҚК Академиясының өкілдері иеленді.

Жекелеген сайыстарда Шекара қызметінің әскери қызметшілері үш бірдей бірінші орынға және үшінші орынға көтерілді. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар