Қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионатында Қазақстан екінші орын иеленді

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 18-21 сәуір аралығында Мәскеу қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан екінші Әлем чемпионатында Қазақстан командасы 3 алтын, 2 күміс, 8 қола медель алып, жалпы есепте 2 орынға табан тіреді.
None
None

Бұл туралы бүгін Динамо спорт кешенінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық команда құрамында 16 спортшы болған. Олардың 9-ы ерлер, 7-еуі әйелдер.

«Құрамына бокстан бастап, дзюдо, джиу-джитсу, самбо, күрес және басқа да көптеген спорт түрлері енетін қоян-қолтық ұрыс елімізде жылдан жылға қарқынды дамып келе жатыр. Оған дәлел 35 мемлекет қатысқан осынау әлем чемпионатында біздің қыз-жігіттеріміздің 2-орын алып қайтуы», - деп атап өтті А. Тасболатов.

Айта кету керек, чемпионатта 1-орынды Ресей, 3-ші орынды Беларусь елдері иеленді. Ал қазақстандық спортшылардан Берік Шыналиев (55 келі), Біржан Агимов (70 келі) және Роза Қалиева (55 келі) алтын медаль алып қайтты.

Соңғы жаңалықтар