Қоян жылы Қазақстанда 345,2 мың сәби дүниеге келді - АХАЖ

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - 2011 жылы Қазақстан халқы 1,3 пайызға көбейді.

Қоян жылы Қазақстанда 345,2 мың сәби дүниеге келді - АХАЖ

Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті. 

«Ағымдағы деректер бойынша, 2011 жылдың 1 желтоқсанында еліміздегі халық саны 16657,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалада - 9101,3 мың (54,6 пайыз), ауылда - 7556,4 мың (45,4 пайыз) адам тіркелген. Жыл басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 215,7 мың адамға немесе 1,3 пайызға көбейді», - дейді ол.  

2011 жылғы қаңтар-қарашада республика халқының табиғи өсімі 211,5 мың адамды құрады, 2010 жылы бұл көрсеткіш 205,3 мың адам деңгейінде болған.

АХАЖ органдарының мәліметтеріне қарағанда, былтыр 345,2 мың сәби дүние есігін ашты.