Қояндар 8 мың жыл бұрынғы қазынаны тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның оңтүстік-батысында 8 мың жыл бұрынғы қойма табылды. Тас дәуірінің бұл жәдігерлерін археолог ғалымдар емес, сол жерден ін қазған қояндар тапты, деп жазады utro.ru.
«Олар бір-біріне жақын қылып бірнеше ін қазған, ал көне жәдігерлерді топырақпен бірге сыртқа шығарған», - дейді археологтар тобының жетекшісі Дин Паттон. Табылған олжаның арасында жебе, т.б. көне заттар бар. Ғалымдардың болжамы бойынша, бұл жерде мыңдаған жылдар бұрын ақсүйектер жерленген көрінеді.
Дин Паттонның сөзіне қарағанда, олжаны қояндардың табуы - кездесе бермейтін жайт. Қазіргі кезде қазба орындарында зерттеу жұмыстары жүргізілуде.