«Қояндар» астана автопарктеріне 3 млрд теңге шығын келтірген

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана автопарктері билетсіз жолаушылар салдарынан 3 млрд теңге шығынға ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қояндар» астана автопарктеріне 3 млрд теңге шығын келтірген

Бұл мәселені қалалық мәслихат отырысында депутат Владислав Сергеев көтерді.

«Бұл сомаға жеке автопарктер жыл сайын бірнеше автобус сатып алар еді. Осы себепті, біз бұл мәселені өткен жылдан бері көтеріп келеміз. Мұнда асығыстық жоқ. Себебі, бізде тұрақ орындары бойынша да, «Қазақстан» спорт кешені бойынша да бірқатар сәтсіз серіктестік жобалары бар. Электронды билеттеу мәселесінде де жақсы тәжірибесі бар сенімді серіктесті таңдау керек. Мен әріптестерімді осы процеске барынша қосылуға шақырамын, өйткені шарт 7 жылға жасалады. Демек, 7 жылда біз барлық мәселелерді шешуіміз керек. Сондықтан, серіктес билетсіз жүруді азайту, 2GIS, Yandex және т.б. сияқты бүкіл электронды жүйені синхрондау бойынша міндеттеме алуы керек», - деді Владислав Сергеев.

Сондай-ақ, депутат өткен жылы электронды таблолар сатып алынғанын атап өтті. Электронды билетпен айналысатын серіктес табломен де синхронды жұмыс істеуі маңызды.

Айта кетейік, елордада 400 жаңа автобус сатып алынады және 6 автобус бағыты іске қосылады.