«Қояндар» автобус жолақысын төлемес үшін чекті қолдан жасайды - CTS

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл астанада автобус ақысын төлемеген 9 759 жолаушыға жалпы сомасы 59 млн теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қояндар» автобус жолақысын төлемес үшін чекті қолдан жасайды - CTS

Бұл жайында City Transportation Systems компаниясы мәлімет таратты.

«Қояндардың» жол жүру ақысын төлемеудің тағы бір тәсілі - төлем туралы чекті қолдан жасау. Олай істеуге болмайды. Мұндай фактілерді көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері оңай анықтайды» деп ескертеді компаниядан.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық қоғамдық көлікте жол жүру құны - 90 теңге.

Айта кетейік, жыл басынан бастап көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол ақысын төлеуден жалтарудың 68 697 фактісін анықтады.

Оның ішінде 9759 жолаушы жалпы сомасы 59 млн теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Құрметті жолаушылар, жол ақысын адал төлеуді сұраймыз. Автобустарда жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасы немесе QR код арқылы» дейді CTS.