Қояндыда жерүйде болған пеш жарылысынан екі адам жарақаттанды

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданы аумағындағы Қоянды ауылында болған пеш жарылысынан екі адам дене жарақатын алды,

Қояндыда жерүйде болған пеш жарылысынан екі адам жарақаттанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жайсыз хабар Малиновка ауылындағы өрт сөндіру бөліміне жетісімен арнайы жасақталған топ құтқару шараларына кірісіп кеткен. Үй иесі 1974-шы жылғы М.есімді азамат Астана қаласындағы оқу орталығының ұстазы. Сол күнгі төтенше жағдай салдарынан 1975-шы жылғы еш жерде жұмыс жасамайтын А. және «ЭНГЕСКАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері, 1972 жылғы М.есімді азаматтардың денесінің 35 пайызы өртке шалынған. Елордаға жедел жеткізілген зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, жандары аман қалды. Бұған дейін Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласында көп қабатты үйде болған өрттен Ж.есімді 1958-ші жылғы азаматтың мәйіті табылған болатын. Жақсы ауданына қарасты «Запорожье» ауылында 37 жасар үй иесі мен екі жастағы сәби иіс тиіп мерт болды. Бір жастан сәл асқан бала аман қалды. Қазіргі кезде құзырлы орындар тергеу амалдарын жалғастыруда.