Қоймадағы өртті сөндіруге «Алматы су» мекемесі көмекке келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қызыл жалынға оранған қойма маңындағы ауданда уақытша электр жарығы сөндіріліп, газ беру тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоймадағы өртті сөндіруге «Алматы су» мекемесі көмекке келді

Қоймадағы қызыл жалынның беті қайтар емес. Жетісу ауданының әкімдігі сақтық шараларына кірісті.

«Өрт сөндірушілерге «Алматы су» мекемесі көмекке келді. Олар да өртті сөндіруге кірісті. Үш гидрант арқылы су шашып жатыр. Бұл жерде газ желісі орналасқан. Ол өте қауіпті, сондықтан тұрғындарға газ беруді уақытша тоқтаттық. Электр энергиясын өшірдік, өрт сөндіру қызметкерлерімен біргеміз. Қолдан келер көмекті аямаймыз»,-дейді Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев.

Еске сала кетейік, Алматыда қойма өртеніп жатыр. Өрт сөндірушілер 4 сағаттан бері тілсіз жауды ауыздықтай алмай отыр.