Қойшығара Салғараұлы жаңа еңбегінде ресми тарихтағы түрік халықтары ғұмыр¬нама¬сының басталуы дұрыс еместігін дәлелдеді - ғалымдар

Автор еңбегінде бұрын-соңды зерттеушілердің қаламына ілікпеген әлем халық¬тарының мифологиясындағы деректерді бүгінгі ғылым жетістіктерімен сабақтастыра талдау арқылы бабаларымыздың адамзаттың дамуына қосқан үлесін керемет шебер көрсеткен. Жаңа еңбектің зерттеу ауқымы тіпті, тереңге кетіп, адамзаттың жаратылыс кезеңі мен алғашқы өркениеттер туралы сыр шертеді.
Автор бұл еңбегінің алдына қойған басты мақсаты туралы: «Біз бұл еңбегімізде зияткерлік, рухани-әлеуметтік өзгерістер төңке¬рісін жасаған «кіндік уақыт» ғұламаларының осылайша қайта пайымдау-ларынан өтіп, кейінгі заманға екшеліп, іріктеліп, сүзгіленіп жеткен мифологияның таным¬дық толғамдарынан тілдік, тарихтық дерек¬тері арқылы адамзат баласының ресми ортақ тарихындағы түрік халықтарының ғұмыр¬нама¬сының х.э. кейінгі VI ғасырдан басталуының дұрыс еместігін, олардың атамзаманнан бері бар, ежелгі көне халықтардың бірі екенін дәлелдеуге талаптанып көрмекпіз», - дейді.
Бұл еңбек сол естен өшкен ескі замандарда-ақ Дельфі храмының маңдайшасына айшықтап жазылған «Өзіңді таны» қағидасының мәнін түсіндіруден басталып, бұдан мыңдаған жылдар бұрын жазылған, әлемнің түкпір-түкпірінен табылған тарихи мәтіндерді қазақша сөйлетумен аяқталады.