Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — 20–26 шілде аралығында Эстонияның Таллин қаласында қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионаты өтеді.

Қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Фото: ҚР ҰОК

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының намысын 13 мерген қорғайды. Құрама сапына төмендегі спортшылар енді:

  • Еңлік Асқар
  • Шахзод Ирназаров
  • Фатима Ирназарова
  • Зухра Ирназарова
  • Артем Хорольский
  • Андрей Худяков
  • Рамазан Хусаинов
  • Камила Хусаинова
  • Валат Мусаев
  • Асадбек Назиркульев
  • Александра Садуакасова
  • Анастасия Семененко
  • Даниил Яковенко

Айта кетейік, 2023 жылы Әзербайжанның Баку қаласында өткен әлем чемпионатында Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова бір алтын және бір күміс медальдан жеңіп алған болатын. Сондай-ақ Қазақстан әйелдер арасындағы командалық сайыста алтын және күміс жүлдеге қол жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға шыққанын жазғанбыз.