03:09, 21 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Көзге көрінбейтін сиқырлы плащ жасап шығарылды
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Америка Техас университетінің бір топ ғалымдары батареямен жұмыс істейтін көзге көрінбейтін плащ жасап шығарды, деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Құрылғы шағын толқынды диапазонда кішігірім затты көзге көрсетпейтіндей қасиетке ие. Ал оны қуат көзіне қосса, тиімділігі одан сайын күшейе түсетін көрінеді. Жаңа құралдың өзге құралдардан айырмашылығы ол тек заттың жанынан өткен радитолқынның пішінін қалыпқа келтіріп қоймайды, оған қоса, қосымша қуат көзін пайдалана отырып, бұл істі белсенді түрде жасайды.
Ғалымдар көзге көрінбейтін плащтар әлденені сырт көзден жасыруға ғана арналған құрылғы емес екенін баса айтуда. Затты радиотолқындардан жасыру бірқатар азаматтық міндеттерді шешуде пайдаға асуы мүмкін. Мысалы, егер бірдеңені бақылауға металл құрылғы кедергі болса, оны "көзге көрсетпейтін плащпен" орап қойса, ол көрінбейді, деп жазады БЕЛТА.