«Көзге шөп салғандар» айыппұл төлейді - БАҚ
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - «Би-Би-Си»-дің хабарына қарағанда, Вьетнам билігі ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салушылармен айыппұл төлету арқылы күреспекші.Осыған байланысты үкімет жарлығы 11 қарашадан бастап күшіне енді.
Бұл туралы «Айқын» газеті кеше сенбілік санында хабарлады.
Зинақорлық жасағандар 1-ден 3 миллионға дейін Вьетнам донгы немесе 45-145 доллар айыппұл төлейді.
Ерлі-зайыптылардың осындай әрекеттерінің зардабы отбасы мүшелеріне тиіп жатса, олар тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.
Кәмелеттік жасқа толмай үйленгендерге 145 долларға дейін айыппұл салынады. Вьетнам немесе шетелдік азаматтығын алу үшін некеге тұрғандар мемлекет қалтасына 10-20 миллион донгқа дейін қаржы құяды. Ал ажырасқысы келетін жұптар мемлекетке 20 миллион донгқа дейін айыппұл төлейді.