Қожағапанов ісі: шығынды есептеу үшін сарапшы тартылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қаралып жатқан сот процесі жалғасып жатыр.

экс-вице-министр культуры и спорта Ерлан Кожагапанов
Фото: primeminister.kz

Қорғаушы және айыптаушы тараптың өтінішін қарастырғаннан кейін сот қылмыстық іс бойынша елордалық бағалаушылар палатасының маманын тарту туралы қаулы шығарды. Мамандар 2018 жылдағы форумды ұйымдастыру және өткізу үшін ұсынылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын бағалайды.

Маманның қарауына қажетті материалдар, соның ішінде қызметтерге берілген баға ұсыныстары ұсынылады. 

Тексерудің тағайындалуына байланысты сот отырысы 2025 жылғы 9 сәуірге қалдырылды.

Бұған дейінгі сот отырысында Ерлан Қожағапанов «Активтерді бағалау орталығы», «Даму» және «Багам» компаниялары тарапынан қосымша сараптама қажет екенін мәлімдеген еді. 

— Бағалау орталығы (ред. — активтерді бағалау орталығы) 2018 жылы табиғатта болмаған өнімге қалай баға бере алады? — деп сұрақ қойды Е. Қожағапанов.

Еске салсақ, былтыр 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт экс-вице-министрін ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады

Биыл наурыздың соңында Антикор аталған іс бойынша тергеу амалдары аяқталғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар