Қожайын болу - оңай іс емес, дейді қостанайлық серіктестіктің басшысы И.Вечтейн
ТАНАЙ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының Озерное селосында егін және мал шаруашылығын қатар дамытудың байырғы үрдісінен таймай келе жатқан бірегей экономикалық құрылым жұмыс істейді. Ол - К.Маркс атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазақстандағы осынау орнықты шаруашылықтардың бірін ұлты неміс Иван Матвеевич Вечтейн басқарады.
Қазақстанды өзінің нағыз Отаны деп санайтын бұл азамат, ана жылдары жұрт үдере көшіп жатқан кезде, Қазақстаннан кетпеу туралы шешім қабылдағандардың бірі.
И.Вечтейн осыдан ширек ғасыр бұрын тұңғыш рет колхоз төрағасы атанған екен. Бүгінде ол басқаратын Карл Маркс атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы егістігінің аумағы 15 мың гектарды құрайды, оның 9 мың 300 гектары - дәнді дақылдарға арналған.
2009 жылы серіктестік гектарынан 22,3 центнерден бидай орып, 20 739 тонна астық жинады. Салыстырар болсақ: қазанның 1-індегі жағдай бойынша орташа облыстық көрсеткіш 12,2 центнер/гектар. Озерное селосында мал шаруашылығы да жақсы дамыған - ірі қара малдың басы 6,5 мың басты құрайды. Мол өнім беретін мұндағы мал шаруашылығына қызықпайтын көрші жоқ.
Малдың басын сақтау және көбейту - Вечтейн үшін маңызды іс. Сонау жылдары, барлық көрші шаруашылықтар малды тұяқ қалдырмай етке өткізген кезде, Иван Матвеевич: «Малды етке жіберсек, ауылдағы адамдар қыста немен айналысады?» деп, тоқтамға келеді.
Бүгінде, облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, К.Маркс атындағы жауапкершлігі шектеулі серіктестік жылына 7,5 мың тонна сүт өндіреді. Ал облыс бойынша жылына сауын сүттің орташа көрсеткіші 3 414 киләні құрайды. Вечтейннің шаруашылығында сиырлар, басқалардан, 1,5 есе көп сүт береді. Сапалы сүт шаруашылыққа қосымша табыс табуға мүмкіндік тудырып отыр: былтыр өңдеушілерге өткізілген 7 мың 123 тонна сүт үшін серіктестік 8 мың 70 тонна стандартты сапалы сүттің ақысын алды.
Озерное тек егін шаруашылығымен шектеліп қалса, мұндай мол табыс болмас па еді, дейді Иван Матвеевич. Егін шаруашылығын ұстау үшін Вечтейнге небәрі 120-1050 комбайншы, механизатор және қырман жұмысшылары ғана жетіп артылатын еді. Бірақ селода қыз-келіншектер де жұмыспен қамтылып отыр: ең құрметті және сұранысқа ие кәсіп - сауыншы.
Сүт пен сүт өнімдерін сатудан түсетін кіріс кәсіпорын табысының тең жартысын беріп отыр. Ал жиналған егіннің жартысын Вечтейн тұқымдыққа қалдырады, жұмысшыларға заттай ақы түрінде және жем ретінде де беріледі. Серіктестік қызметкерлеріне берілетін жемшөптің су тегінге түсетінін айта кету керек.
Бүгінде Вечтейн - облыстық мәслихаттың депутаты. Ол сайланған округке өзінің туған ауылы - Озерное селосы кірмейді. Бірақ Иван Матвеевичке облыс орталығындағылар да дауыс береді, себебі оның қала мен ауыл арасын байланыстырудың тиімді жолдарын табатынын жақсы біледі.