«Көзімді ашқалы Қазақстанның топырағына табаным тиіп, тілім қазақ тілінде шықты - Юрий Хегай

Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар ең алдымен Қазақстанға, оның ішінде қасиетті Қазалы топырағына ата-бабаларының қалай табан тірегенін сөз етті. Бұл екі отбасы да интернационалды отбасылар. Юрийдің келіншегі қазақ қызы Жанат Шорабаева болса, Алексанрдың жұбайы орыс ұлтының өкілі Вера Пономорева. Бәрі де қазақи салт-дәстүрді бойына сіңіріп, қазақ тілінде еркін сөйлейді. Кәріс баласы Юрий көрермендер тарапынан «Сіз ана тіліңізде тілек айтып беріңізші?» деген өтініш-сауалға «Мен өз тілімді білмеймін. Көзімді ашқалы Қазақстанның топырағына табаным тиіп, тілім қазақ тілінде шықты. Біздің сіздерден айырмашылығым тек ұлтымызда болар. Әйтпесе тіліміз мен тілегіміз бір»,-деп жауап берді.
Көрерменнің қызығушылығын оятқан тартымды шарада түрлі ұлттың әні орындалып, биі биленді.