16:45, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
Қозы-Көрпеш пен Баян-сұлу «ғарышта» болды
АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақ ұлттық әдебиетінің кейіпкерлері - Қозы-Көрпеш пен Баян-сұлудың ойыншық макеттері «ғарышта» болды.

Метеорологиялық шардан, парашюттан, GPS тетігінен, HD бейнекамерасыынан құралған кұрылғы қазақ әдебиеті кейіпкерлерімен бірге Алматыдан 114 шақырым жерде ұшырылды. 2,5 сағаттық ұшудан кейін ол Іле Алатауындағы Титов шыңының етегінде, ұшырылған орыннан 248 шақырым жерде қонды. Ол 20 километрлік биіктікке көтерілді.
Бұл ұшырылымға бастамашы болғандар Көкжайлау шатқалынан құрылғының қонған жеріне дейін сегіз сағат жаяу жүрді.
Қазақстандық ғашықтарды «ғарышқа» ұшыру жақын күндері Apple Appstore-де қолжетімді болатын iPhone үшін қазақстандық жаңа SpringFruit қосымшасын ілгері жылжыту аясында ұйымдастырылды.