ҚПЛ-2024: «Астана» мен «Ақтөбе» жаңа маусымды жеңіспен бастады

ҚПЛ
Фото: prosports.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін OLIMPBET QFL Премьер-лигасының жаңа маусымы басталды. І-турдың бірінші кездесуінде елордалық «Астана» мен «Жеңіс» командалары өзара мықтыны анықтады.

Алматы қаласында өткен ойында Григорий Бабаянның футболшылары «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңді.

Кездесудің 19 минутында елордалық команданың жаңа ойыншысы Усман Камара Қазақстан Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымындағы бірінші голды өз атына жазса, 62 минутта Эльхан Астанов есепті еселеді. 

Қызылорда қаласында өткен екінші матчта «Ақтөбе» алаң иелерінің қақпасына 3 гол соқты. Ойынның 24 минутында Идрис Умаев, 55 минутында Максим Самородов мергендігімен көзге түсті. 64 минутта Умаев дубль авторы атанды. Ал, «Қайсар» сапынан Тоқтар Жаңғылышбай ойынның нүктесін қойды. 

Айта кетйік, бүгін QFL Премьер-лигасының жаңа маусымы 13 команданың қатысуымен өтетіні белгілі болды. «Ақсу» футбол клубы Премьер-лигада өнер көрсетпейді. 

Соңғы жаңалықтар