ҚПЛ: «Ақтөбе» өз алаңында «Қайсарды» ірі есеппен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ІХ турын «Ақтөбе» мен «Қайсар» (Қызылорда) түйіндеді.
Ақтөбелік клуб маусым басында бас жүлдеден үміткер ретінде саналған еді. Десе де доп додасында сәтсіз ойын көрсетіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды.
Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Есесіне екінші кезеңде алаң иелері қатарынан үш гол соғып кетті. «Қайсар» сапынан Алияр Мұхамед 49, Саламат Жұмабеков 93-минутта автогол соқса, Артур Шушеначев 89-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 13 ұпаймен жетінші орынға көтерілді.
Ойындар нәтижесі
9 мамыр
«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Атырау» (Алматы) 0:0
«Жетісу» (Талдықорған) - «Жеңіс» (Астана) 2:3
«Елімай» (Семей) - «Каспий» (Ақтау) 0:1
«Астана» - «Қызылжар» (Петропавл) 2:1
«Тобыл» (Қостанай) - «Ертіс» (Павлодар) 1:0
10 мамыр
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Қайрат» (Алматы) 1:1
«Алтай» (Өскемен) - «Ордабасы» (Шымкент) 0:0
«Ақтөбе» - «Қайсар» (Қызылорда) 3:0.
Енді алдағы тур ойындары 16 және 17 мамыр күндері өткізіледі.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Қайрат» пен «Ордабасы» сырт алаңда ұпай жоғалтты.