ҚПЛ: «Алтай» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Премьер-лигасының Х турының екінші ойын күнінде екі кездесудің нәтижесі белгілі болды.
Бұл күні Өскеменнің «Алтайы» алғашқы жеңісіне жетті. Олар сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжар» командасымен кездесті.
Ойын барысында олардың қатарынан алдымен Самюэль Одеоибо 84-минутта есеп ашса, петропавлдық кдубтан 92-минутта Стефан Баокен таразы басын теңестірді. Матчтың 93-минутында өскемендік клубтан Данияр Кенжеғұлов жеңіс голын соғып кетті. Осылайша «Алтай» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Тағы бір кездесуде алматылық «Қайрат» сырт алаңда елордалық «Жеңісті» 1:2 есебімен қапы қадырды.
Дәл қазір «Ақтөбе» мен «Атырау», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуі өтіп жатыр.
Ал 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Жетісу» ойыны басталады.
Еске салсақ, бірінші ойын күнінде жезқазғандық «Ұлытау» Ақтаудың «Каспийін», көкшетаулық «Оқжетпес» «Астананы» 1:0 есебімен жеңсе, «Ертіс» (Павлодар) пен «Елімай» (Семей) 2:2 есебіне қанағат білдірді.