ҚПЛ: «Астана» сырт алаңда «Тобылға» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХХVІ турындағы елордалық «Астана» сырт алаңда Қостанайдың «Тобылына» есе жіберді.

ҚПЛ: «Астана» сырт алаңда «Тобылға» есе жіберді
Фото: «Астана» футбол клубы

Биылғы маусымды үздік үштікте түйіндеуге тырысқан елордалық команда әрбір кездесуде үш ұпай олжалауға ұмтылып келеді. Соған қарамастан бүгін олар қостанайлық клубтан жеңілістің ащы дәмін татты. 

Кездесу барысында қостанайлық клубтан 28-минутта Мохамед Амин Талал есеп ашса, 52-минутта астаналық командадан Карло Бартолец таразы басын теңестірді. 

Ойынның 61-минутында «Тобыл» сапынан Виталий Лисакович соққан гол кездесу нүктесін қойды.

Осылайша, «Астана» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды. 

Сондай-ақ Елімай» (Семей) өз алаңында «Ақтөбеге» 1:3 есебімен есе жіберсе, Петропавлдың «Қызылжары» сырт алаңда Павлодардың «Ертісін» 2:0 есебімен қапы қалдырды.

Дәл қазір «Қайрат» (Алматы) — «Жетісу» (Талдықорған), «Жеңіс» (Астана) — «Атырау»кездесуі өтіп жатыр.

Ал 11 қазан 15:00–де «Ұлытау» (Жезқазған) — «Оқжетпес» (Көкшетау), 16:00–де «Каспий» (Ақтау) — «Алтай» (Өскемен), 19:00–де «Қайсар» (Қызылорда) — «Ордабасы» (Шымкент) ойнайды.

Футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы туры 31 қазан күні өткізіледі.