ҚХЛ: «Барыс» бүгін елодада «Сибирь» командасына есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді.

«Барыс» уступил «Сибири» в домашнем матче КХЛ
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» 13 ойыннан кейін 16 ұпаймен оныншы орында тұрса, «Сибирь» 14 ойыннан кейін 11 ұпаймен он тоғызыншы орынға жайғасқан еді.

«Барыс» уступил «Сибири» в домашнем матче КХЛ
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Кездесу барысында алғашқы екі кезеңде қазақстандық клуб екі шайба соқса, оған ресейлік команда бір голмен жауап қайырды.

Үшінші кезеңде ресейлік ұжым екі шайба соғып кетті.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Сибирь» (Новосібір, Ресей) 2:3 (2:1, 0:0, 0:2)

0:1 - Никулин (Бек, Диц) - 11:38 ГБ

1:1 - Морелли (Дэй, Масси) - 13:24

2:1 - Савицкий (Бэйли, Данияр См.) - 18:09

2:2 - Бек (Диц, Никулин) - 50:58 ГБ

2:3 - Тютнев (Орлов, Никулин) - 55:36

Қақпашылар: Шепард - Бердин.

«Барыс» уступил «Сибири» в домашнем матче КХЛ
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Осылайша қазақстандық команда қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Екі команда арасындағы соңғы бес ойынның біреуінде елордалық клуб жеңіске жетті.

Қазақстандық команда бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 14 қазанда Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.

Одан кейін қазақстандық команда қатарынан тоғыз кездесуді сырт айдында өткізеді.