ҚПЛ: «Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы VIІІ туры мәресіне жетті.
Кездесу барысында командалар жылдам гол соғу м.мкіндігін іздеді. Нәтижесінде небәрі 2-минутта шымкенттік клубтан Мораес Эвертон мергендігімен көзге түсті. Одан кейін ақтөбелік футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ.
Екінші кезеңде де командалар толассыз шабуылдар ұйымдастырды. Ойын соңына дейін таблодағы есеп өзгеріссіз тұрған еді. Осындай сәттердің бірінде 94-минутта «Ордабасының» жас шабуылшысы Жасұлан Әмір кездесу нүктесін қойды.
Осылайша шымкенттік клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 18 ұпаймен алматылық «Қайратпен» алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.
2 мамыр
«Ертіс» (Павлодар) — «Қайрат» (Алматы) 0:1
«Қайсар» (Қызылорда) — «Жетісу» (Талдықорған) 1:1
3 мамыр
«Ұлытау» (Жезқазған) — «Елімай» (Семей) 1:0
«Атырау» — «Алтай» (Өскемен) 1:0
«Жеңіс» (Астана) — «Тобыл» (Қостанай) 1:0
«Каспий» (Ақтау) — «Астана» 1:0
«Ордабасы» (Шымкент) — «Ақтөбе» 2:0.
Енді алдағы тоғызыншы тур ойындары 9 және 10 мамыр күндері өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Каспий» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті.