ҚПЛ: «Шахтер» мен «Тұран» Премьер-лигаға жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Бірінші лиганың командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті.
Көш басында келе жатқан «Шахтер» (Қарағанды) — «Қайрат-жастар» командалары өзара кездесті.
Матч барысында қарсыластар тартысты ойын өрбітті. Алматылық клубтан Абылайхан Жылқайдар 5, Абылай Төлеухан 45-минутта гол соқса, қарағандылық клубтан Артем Литош 37, Андрей Ульшин 79-минутта екі мәрте көзге түсті.
Жеңіс голын 83-минутта «Қайрат-жастар» сапынан Мұстафа Шен 83-минутта өзінің еншісіне жазды.
Осылайша, алматылық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Ойындар нәтижесі
Бірінші лига. 26-тур
22 қазан
- «Оңтүстік Академиясы» (Шымкент) — «Тұран» (Түркістан) 0:2;
- «Жайық» (Орал) — «Арыс» (Түркістан) 1:2;
- «Шахтер» (Қарағанды) — «Қайрат-жастар» (Орал) 2:3;
- «Елімай-Ж» (Алматы) — «Тобыл-Ж» (Қостанай) 2:1;
- «Батыр» (Павлодар облысы) — «Тараз» 2:3;
- «Каспий-Ж» (Ақтау) — «Хан тәңірі» (Алматы) 2:3;
- «Ақтөбе-Ж» — «Астана-Ж» (Қарағанды) 3:6.
Биылғы маусымнан кейін «Шахтер» 65 ұпаймен көш басына жайғасса, одан кейінгі орындардағы «Қайрат-2» клубының 63, «Тұранның» 57 ұпайы бар.
Айта кетейік, «Жеңіс» футбол клубы бас бапкер Владимир Слишковичтің қызметінен кеткенін жариялады