ҚПЛ: «Тобыл» төртінші мәрте жеңіліске ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанайлық «Тобыл» футболдан Қазақстан Премьер-лигасының VI турында Жезқазғанның «Ұлытауынан» жеңіліп қалды.

ҚПЛ: «Тобыл» төртінші мәрте жеңіліске ұшырады
Фото: «Тобыл» футбол командасы

Ойын барысында қостанайлық команда алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 7-минутында олардың қатарынан Урош Милованович мергендік танытса, 41-минутта «Ұлытау» сапынан Мартин Давид Анане өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңде жезқазғандық клуб пенальтиден алға шықты. Оны 50-минутта Ариагнер Смит мүлтіксіз орындай білді. Осылайша «Тобыл» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп, алты турда төртінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Сондай-ақ дәл қазір бірінші кезеңнен кейін «Атырау» — «Қызылжар» (Петропавл) 0:0 есебімен тең түсіп жатыр.

Ал 17:00-де «Жеңіс» (Астана) - «Ақтөбе» ойыны басталса, 19:00-де «Қайсар» (Қызылорда) - «Алтай» (Өскемен) жасыл алаңға шығады.

Бұл турда 18 сәуірде «Елімай» (Семей) - «Астана» 2:2 есебіне қанағат білдірсе, павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуына» 1:2 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ өз алаңында алматылық «Қайрат» Ақтаудың «Каспийінен» 2:0, шымкенттік «Ордабасы» Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 2:1 есебімен басым түсті.

Соңғы жаңалықтар