«ҚПО б.в.» компаниясынан 10,4 млн. теңге өндірілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Капиталнефтегаз» РМК-ның «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясынан 10,4 млн. астам теңгені өндіру туралы талап-арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ҚПО б.в.» компаниясынан 10,4 млн. теңге өндірілді

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш мемлекеттік мекеме «ҚПО б.в.» компаниясы балансында тұрған мемлекеттік мүлікті түгендеген кезде 16 нысан бойынша жетпестікті анықтады. Талапкер дәлел ретінде жетіспейтін 16 нысан бойынша актив құнының қалдығы жөніндегі анықтаманы ұсынды.

ҚР Азаматтық кодексінің талаптарын басшылыққа алған сот «ҚПО б.в.» компаниясынан республикалық бюджет есебіне 10,4 млн. астам теңгені өндірді.