ҚР ӘӘК-нің жас әскери ұшқыштары алғашқы жеке ұшуларын орындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19132 әскери бөлімінің базасында оқу-жаттығу ұшулары орындалды. АН-26 әскери ұшағымен жас ұшқыш аға лейтенант Тимур Сандыбаев өзінің бірінші ұшуын орындады. Ол алғаш рет экипаж командирі ретінде ұшақты басқарып, дербес ұшуды және оны қондыруды іске асырды.
None
None

«Қазір әуедегі ұшуларым жалпы 700 сағатты құрап отыр. Осы уақытқа дейін мен қосалқы ұшқыш ретінде ұшып келдім. Қазір экипаж командирі қандай болуы керектігін зерделеп, игерумен қоса, ұшуды үйлестіру мен басқаруды орындауды меңгерудемін», - деді аға лейтенант Тимур Сандыбаев.

19132 әскери бөлімі - екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлектерін, яғни Қазақстанның жас ұшқыштарын, сондай-ақ басқа елдердің әскери оқу орындары даярлаған әскери ұшқыштарын тұрақты түрде жұмысқа қабылдайтын Қазақстанның Әскери-әуе күштеріне қарасты бөлімдердің бірі.

Әскери-әуе күштерінің тәжірибелі ұшқыштары жас әріптестерін қолдаумен қатар, өз тәжірибелерімен бөлісіп, күрделі ұшу ісін меңгеруге көмектесетінін айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар