ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкілетті өкілі адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық сарапшылармен кездесті

Адам құқығы жөніндегі уәкілетті өкіл баспасөз қызметінің хабарлағанындай, кездесу барысында А.Шәкіров қонақтарды ұлттық құқық қорғау институты қызметінің негізгі бағыттарымен, халықаралық құқық қорғау құжаттарын имплементациялауда мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың, заң шығару қызметінің және құқықтық білімдерді дәріптеудің өзара іс-қимыл тәжірибесімен таныстырды.
Халықаралық сарапшылардың назарын, атап айтқанда, Елбасының «Еуропаға жол» бағдарламасында бекітілген мемлекеттің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне елді даярлаудағы көпқырлы қызметіне және 2010-2020 жылдардағы кезеңдерге арналған Қазақстанның Құқықтық саясат тұжырымдамасына аударды.
Тараптар елдегі заңнамаларды және адам құқығы саласындағы жағдайды жетілдіру Қазақстанның алдағы құрметті және жауапты миссиясына даярлық аясында Қазақстанда басталған реформаларды жалғастыруға сөзсіз ықпал ететінін атады.