ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Кёрбер атындағы германдық қордың өкілдерімен кездесті

bsp; Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Кёрбер атындағы германдық қордың өкілдерімен кездесті.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Кёрбер атындағы германдық қордың өкілдерімен кездесті

Бұл туралы Омбудсменнің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл Қор Бундестаг аппараты мен оның фракцияларында, федералды канцлердің ведомствосында, федералды сыртқы істер мен қорғаныс министрліктерінде, бірқатар елшіліктерде жұмыс істейтін және Германия мен Еуропаның сыртқы саясаты мәселелерінде мамандандырылған жас саясаткерлерді біріктірді.

Қазақстандық Омбудсмен қонақтарды Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жұмысының ерекшеліктерімен, шағымдардың қаралу тәртібімен, халықаралық құқық қорғаушы конвенциялар мен келісімшарттар іске асырылғанда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесудің тәжірибесімен, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету саласында мемлекет қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.

Республиканың демократиялық бағыт ұстануы және ЕҚЫҰ-да қазіргі төрағалық ету негізінде адам құқықтарын қорғау саласында атқарылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығы жөнінде ортақ пікір білдірілді.