ҚР Әділет министрі ХНО-ның халықаралық ынтымақтастық комиссиясы өкілдерімен кездесті

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 10 қыркүйегінде Әділет министрі Берік Имашев Халықаралық нотариат одағының (ХНО) халықаралық ынтымақтастық комиссиясының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы аталған ведомствоның хабарламасында айтылған.

ҚР Әділет министрі ХНО-ның халықаралық ынтымақтастық комиссиясы өкілдерімен кездесті

ХНО нотариаттық функцияларды жүргізу, үйлестіру және дамыту үшін құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады.

Кездесу мақсаты - Қазақстанның нотариат жүйесінің хал-ахуалымен танысу, сондай-ақ алдын ала сараптама жүргізу болып табылады. Осының аясында құқықтық қорды, нотариатты техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру негіздері мен хал-ахуалын зерделеу болжанып отыр.

Кездесу нәтижелері бойынша отандық нотариаттың елдердің құқықтың құрлықтық жүйесіне сәйкес келу мәселелері және ХНО құрамына Қазақстанның енуі мәселелері қаралды.