ҚР Әділет министрі комитеттер мен аумақтық әділет органдары басшыларының қатысумен бейне-конференция өткізді

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Әділет министрі Рашид Түсіпбеков комитеттер мен аумақтық әділет органдары басшыларының қатысумен бейне-конференция өткізді.
None
None

Бұл ақпаратты Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, конференция барысында әділет органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жұмыстарының жай-күйі талқыланған.

«Онлайн-конференцияның қорытындысы бойынша Әділет министрі құрылымдық және аумақтық бөлімшелер басшыларына сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтармен күрес жұмыстарын және әділет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметші этикасының нормаларын сақтауын бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін жағдайларды болдырмау, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну үшін заңнамада көзделмеген құжаттарды негізсіз талап ету тәжірибесін тоқтату қажет екенін баса айтты», деліген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар