ҚР Әділет министрілігі 2011-2015 жылдарға арналған дамудың басым бағыттарын анықтады

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат- ҚР Әділет министрілігі 2011-2015 жылдарға арналған дамудың басым бағыттарын анықтады,

ҚР Әділет министрілігі 2011-2015 жылдарға арналған дамудың басым бағыттарын анықтады

деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес, дамудың алты басым бағыты анықталды. Олар: заңнаманы жетілдіру, қылмыстық - атқарушылық жүйені жетілдіру, сот актілерін орындау институтын жетілдіру, сот-сараптама қызметін жетілдіру, интеллектуалдық меншік саласындағы қызметті жетілдіру, әділет органдары тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтер сапасын, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен заңдық көмек қолжетімділігін арттыру.

«Сонымен қатар әділет органдары тарапынан ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру мен жедел түрде жүзеге асырлуын қамтамасыз ету мақсатында Әділет министрлігі қызметін автоматтандыру жұмысы жалғаспақ. Соның ішінде азаматтарға Интернет желісі арқылы қызмет көрсетілелді» , - делінген келіп түскен ақпартта.