16:42, 18 Сәуір 2013 | GMT +5
ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы тағайындалды
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрі Берік Имашевтың бұйрығына сәйкес, ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы қызметіне Бақыт Әбішев тағайындалды.
Әбішев Бақыт Шалқарұлы 1965 жылғы 25 қыркүйекте дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтап, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясы 2 курсының тындаушысы.
Оның алдында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы болып қызмет жасады.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы құрмет грамотасымен марапатталды.
Комитет төрағасының орынбасарлары - Венера Калимова, Ернар Ыбраев, Ерлан Қосмұратов.